Тұрғындардың айтуларынша, үйге іргелес салынған ғимараттың салдарынан баспаналарынан ақау кеткен.
Жер учаскесін пайдалануды қадағалау мен қорғау басқармасы жеке кәсіпкердің үстінен заңсыз салынған құрылыстың бұзылуын талап етіп, сотқа шағымданған.
Дүкен салынарда құрылыс нормалары сақталмай, тереңдігі 6 метрлік шұңқыр қазылған. Енді тұрғындар өздері тұрып жатқан үй бүгін-ертең құлай ма деп, жандарын шүберекке түйіп отыр. Олар талай мәрте жиналып, қалталы кәсіпкерден құрылысты тоқтатуын талап еткен. Алайда, нысан иесі дөрекілік танытқан.
Жақсыбек КЕМАЛ