Астанада қызылордалық өлкетанушы, журналист Сағат Жүсіп дайындаған «Ашаршылық ақиқаты:деректер мен дәйектер» атты кітаптың таныстырылымы өтеді. Кітапқа ХХ ғасырдың басындағы екі үлкен жұт туралы деректер, әңгімелер, естеліктер, зертетулер енгізілген. Дәлірек айтқанда, 1918-1922 жылдардағы және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық туралы тың деректер жинақталып отыр.
«Бұл ашаршылықтың қазақтарды ойсыратқаны соншалық, қазақтар бұл зұлматтан соң тіпті басқа халыққа айналды. Олар өз жерінде азшылыққа түсті. Қазақтардың бүгінгі таңдағы мәдениетін, тілін дамытудағы қиыншылықтарының түпкі себебі сол кезден бастау алады. Қазақтың мәдениетін өлтірген – ашаршылық», -деп жазыпты тарихшы Дмитрий Верхотуров кітаптың кіріспесінде. Бұл - зұлмат кезеңге қатысты берілген нақты бағаның бірі. Бүгінде ХХ ғасырдағы қос ашаршылыққа қатысты түрлі деректер табылып жатыр. Кітап авторы Сағат Жүсіп журналистерге берген бір сұхбатында: «Бірінші ашаршылық 1918-1922 жылдар болып Қазақстанның оңтүстік облыстарын Қызылорда, Шымкент, Әулиеата және Алматы облыстарын қамтып, 1 миллиондай адам аштан өлген. Бірінші – Кіші ашаршылық деп аталса, екіншісі Ұлы ашаршылық деп аталады. Біз ашаршылық туралы әңгіме қозғағанда көбіне 1931-1933 жылдардағы екіншісін көбірек айтамыз. Осы «Ашарлышық ақиқаты: деректер мен дәйектер» кітапта осы екі ашаршылық туралы материалдар қамтылды.Осыған дейін жарық көрген, іздеген, жинаған барлық құжаттар кітапқа енді»-деп атап өткен.
Сонымен бірге, автор ашаршылық тақырыбында оқулықтарға еніп кеткен кейбір деректердің ақиқатын анықтаған. Мәселен, Кеңес үкіметі орнаған соң В.Лениннің бұйрығымен 1924 жылы Арал балықшылары Ресейдің Еділ бойындағы халқына 24 вагон балық жөнелткендігі туралы мәлімет барлық тарих оқулықтарына енгізілген. Бірақ, іс жүзінде сол вагон толы балықтар Еділ бойына жетпеген көрінеді. Себебі, жолда балықтарды паравоз отыны ретінде отқа жағып жіберген. Міне, осы деректі кітап авторы тауып отыр. Бір сөзбен айтқанда, жаңа кітап ұлт тарихындағы қаралы кезеңдердің бірінің ақтаңдақ тұстарын ашып көрсететін еңбек.
Kaznews.kaztrk.kz