Қарағандыдағы алып металлургиялық комбинат пен көмір шахталары өндірісінің қарқыны баяулауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы алып металлургиялық комбинат пен көмір шахталары өндірісінің қарқыны баяулауда

28.10.2015
Қарағандыдағы алып металлургиялық комбинат пен көмір шахталары өндірісінің қарқыны баяулауда
Жаһандық дағдарыс отандық кәсіпорындарды тиімділікпен жұмыс істеу керектігін еске салды.

Әлемдік нарықта металл мен отын бағасы құлдырағандықтан Қарағандыдағы алып металлургиялық комбинат пен көмір шахталары өндірісінің қарқыны баяулап қалды. Алайда, ауыртпалықтың өтпелі кезеңінде жұртты әлеуметтік жағынан қолдап, жұмыс орындарын қысқартпай сақтап қалу басты мақсат болып отыр.

Жаһандық дағдарыстан нарықта металлургия өндірісі ақсап, соның салдарынан көмірге деген сұраныс та күрт төмендеді,-дейді Қарағандыдағы ең сапалы «қара алтынды» өндіретін шахта директоры.

Кеніштен сағатына 400 тонна көмірді жер бетіне шығаруға болады. Алайда, сұраныстың жоқтығынан бұл аста-төктің түкке қажеті болмай қалған.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу