Қазақстан теміржол арқылы тасымалданатын жүктің көлемін еселеп арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан теміржол арқылы тасымалданатын жүктің көлемін еселеп арттырмақ

26.10.2015
Қазақстан теміржол арқылы тасымалданатын жүктің көлемін еселеп арттырмақ
Қытай-Еуропа жолымен өтетін контейнерлер санын жылына 1 жарым миллионға көбейту жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформациялауды жүзеге асырудың жолдарын талқылаған жиында мәлім болды. Қазіргі күні елімізде теміржол арқылы небәрі 600-700 мың контейнер жүк өтеді.

Ендігі мақсат – Қытай мен Еруопа арасында теңіз арқылы өтіп жатқан толассыз жүк тасымалын Қазақстанның темір жолы арқылы өткізу. Жоспар жүзеге асса, алпауыттар арасындағы сауда айналымынан Қазақстан 10 пайыз табыс таппақ. Ал, бұл – ел экономикасының одан әрі дамуына серпін береді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу