Стамбұл төрінде қазақтың ақ дастарханы жайылды.
Стамбұл төрінде қазақтың ақ дастарханы жайылды. Түріктер еттен, бауырсақтан дәм татып, қымыз ішті. Ұлттық тағамдарымыз түркі дүниесі диаспораларының мәдени күндері аясында таныстырылды. Осымен 12-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шарада қазақтармен бірге қырғыз, өзбек, татар, түрікмен және ауған ұлттары өз әдет-ғұрыптарын танытты.
Қасиетті қара домбырадан күй төгіліп, қазақ қызы ән айтып отыр. Ақ дастарханға ұлттық тағамдар қойылған. Нағыз қазақ осы, міне. Стамбұлдың Зейтүнбұрны ауданында тұратын қандастарымыз түркі халықтарына ұлттық құндылықтарымызды осылайша танытып жатыр.
Бақытжан ОМАР