Семейде Шығыс кентіндегі саяжай тұрғындары қоғамдық көлікке зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Шығыс кентіндегі саяжай тұрғындары қоғамдық көлікке зәру

26.10.2015
Семейде Шығыс кентіндегі саяжай тұрғындары қоғамдық көлікке зәру
Тұрғындар осыған дейін саяжай аумағына қатынайтын қоғамдық көліктің қатарын көбейтуді сұрап, әкімдікке бірнеше рет шағымданған.

«Саяжай»- деп аталғаны болмаса, қазір мұнда қысы-жазы тұратын халық өте көп. Соған қарамастан бұл ауданға бір ғана автобус қызмет көрсетеді. Оның өзі соңғы кезде бағытын өзгертіп басқа жолмен жүре бастаған. Тұрғындар аялдамаға жету үшін 3-4 шақырымды жаяу жүруге мәжбүр.

Тұрғындар осыған дейін саяжай аумағына қатынайтын қоғамдық көліктің қатарын көбейтуді сұрап, әкімдікке бірнеше рет шағымданды. Жолаушы тасымалдайтын автопарк иелері, жолдың нашарлығын айтып, саяжайға қатынаудан бас тартуда.

Мәселенің ақ қарасын анықтау үшін іске жергілікті прокуратура араласты.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу