Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков отандық өнімдерді қолдауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков отандық өнімдерді қолдауға шақырды

23.10.2015
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков отандық өнімдерді қолдауға шақырды
Нұрмұхамбет Әбдібеков бұдан былай өзімізде ғана өндірілген киімдерді сатып алмақ.

Қарағанды облысының әкімі шымкенттік «Алтын адам» тігін фабрикасының костюмдерін өзінің жұмыс кабинетінде өлшеп көрді. Осылайша әкімнің гардеробы «Менің Президентім» аталатын жаңа коллекция костюмімен толықты.

Сондай-ақ, әкім аяқ киімдерді де Қарағанды фабрикасынан алып киетінін айтты. Әрі қарамағындағы барлық шенеуніктерді отандық өнімдерді қолдауға шақырды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу