Кәсіпкерлер су мен электр жарығы және газға төленетін тариф құнының өсуінен амалсыз осындай қадамға барғандарын айтады. Жергілікті билік болса, нан бағасын көтеруге негіз жоқ, деп отыр.
Себебі, кәсіпкерлерге бірінші сұрыптағы ұн нарықтағы бағадан арзан берілген, дейді. Енді, әкімдік өкілдері бір аптаның ішінде нан бағасын реттейміз деп уәде етіп отыр.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ