Бүгін қазақ елі Нұрлан Балғымбаевты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін қазақ елі Нұрлан Балғымбаевты ақтық сапарға шығарып салды

16.10.2015
Бүгін қазақ елі Нұрлан Балғымбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Нұрлан Балғымбаев  саяси қайраткерлігімен, ұлтжандылығымен  мемлекеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Бар ғұмырын мұнай саласына арнаған білікті маман еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастады. Қоштасу рәсіміне Үкімет басшысы бастаған арнайы делегация  барды.

Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының марқұмның туған-туыстарына жолдаған көңіл айту хатын оқыды. «Өз Отаны мен халқын қалтқысыз сүйген Нұрлан Балғымбаевтың болмысына қарапайымдылық пен зиялылық, нағыз бекзаттық тән еді. Бар білімі мен ерік-жігерін мемлекеттің дамуына, халқымыздың кемелденуіне арнаған Нұрлан Өтепұлының есімін, оның еңбегін халқымыз ұмытпай, әрдайым қастерлейтін болады» делінген хатта.

 

Батырбек ШЕРКЕШБАЕВ

Хабарламаларға жазылу