Өңірге жұмыс сапарымен барған ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев бұл зауыттан бөлек тағы бірнеше ірі кәсіпорынның жұмысын көріп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан өзге де ілкімді жобалармен танысты.
Зауыт жылына 430 мың тонна рельс арқаулары, бұрыштамалар мен швеллерлер шығармақ. Ең басты өнімі - жоғары жылдамдықтағы магистральдарға арналған 120 метрлік рельстер. Еліміздегі темір жол саласының келешегі мен экспорттық әлеуетіне арналған жиында 6 елдің өкілдері мен зауыт арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Жақсыбек КЕМАЛ