Үйді тонау барысында қаскүнемдер тоғыз бірдей швейцариялық сағат ұрлаған. Бірақ, кейін олардың соншалықты бағалы дүние емес, тек түпнұсқаның көшірмесі екендігі анықталды. Әрқайсының құны шамамен 300 мың теңге тұратын көрінеді.
Ал ұрланған заттар департамент басшысынікі екендігін баспасөз қызметі ресми түрде жоққа шығарды. Алайда, генерал Т.Мәткенов кезінде сол үйде тіркеуде тұрған. Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ұры түскен үй де, ұрланған зат та сол баспананың негізгі иесі – жеке кәсіпкердікі, ал генарал осыдан үш айдай бұрын басқа баспанаға қоныс аударған деуде.
Дәуренбек ӘБДІБЕК