Сарапшылар Елбасы бастамаларына пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар Елбасы бастамаларына пікір білдірді

16.10.2015
Сарапшылар Елбасы бастамаларына пікір білдірді

Елбасы бастамалары Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырды. Ұйым сессиясында жасалған  ұтымды ұсыныстар тұрақтылықтың тетігі мен баянды болашақтың кепіліне айналды. Бүгін Астанада бас қосқан бір топ сарапшы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің БҰҰ Бас ассамблеясының 70 сессиясында көтерген жаһандық ұсыныстарына қатысты осындай пікір білдірді.

Жиын қатысушылары әсіресе Мемлекет басшысының «Жаһандық стратегиялық бастама – 2045» бағдарламасын түзу жөніндегі ұсынысына ерекше тоқталды. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама экономиканың барлық бағытын қамтып, сан-саланы ілгерлетуге серпін береді.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу