Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы уақытта адамдардың табиғатқа селсоқ қарауынан жануарлар саны азайып, тіпті кейбірі жойылып кеткен.
Мәселен, гепард, тұран жолбарысы, Пржевальский жылқысы мүлдем кездеспейді. Бүгінгі көрме барысында сәтті шыққан туындылар арқылы жануарлар дүниесінің сан түрлі ерекшелігін көпшілік назарына ұсына отырып, елімізде сирек кездесетін жануарларды қорғауға шақыру, басты мақсатымыз, - дейді ұйымдастырушылар.
Ақбота БАТЫРБЕКОВА