Балабақшаны жөндетемін деп жүріп болмашы қаржыдан бәлеге қалған экс-әкім сотқа жүгінді. Енді қызметін дауламақ. Жаңақоныстағы ескі балабақшаны жөндеуге 1 млн 55 мың теңге бөлінген.
Шалқар ауданының прокуратурасы осы ақшаның жұмсалу мақсатын тексереді. Қате тауып, 29 мың теңге мақсатсыз жұмсады, деп қорытады. Содан соң, Ерсайын Данабектің ісін тәртіптік кеңес қарап, аудан әкімдігінен шара қолдануды сұрайды.
Жақсылық КЕМАЛ