Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты өткелінің құрылысы мерзімінде аяқталмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты өткелінің құрылысы мерзімінде аяқталмады

14.10.2015
Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты өткелінің құрылысы мерзімінде аяқталмады

Геологиялық қиындықтарға байланысты Шымкент пен Тараздың ортасын жалғайтын тонель енді келер жылдың  маусымында салынып бітпек. 

Жалпы ұзындығы бір шақырымдай болатын жер асты өткелінің әлі 120 метр жері қазылу керек. Оның  құрылысына 100-ден астам жұмысшы мен 40-қа жуық техника жұмылдырылған. Жұмыс екі ауысыммен жүргізілуде. Өйткені құрылыс межелі мерзімнен  қалып қойған. 

Шақпақ асуы-табиғаты қатал, қыстың күні боранды бұрқасыны үздіксіз соғып тұратын аймақ. Сондықтан да жүргізуішілердің жолдың қардан тазарғанын күтіп бірнеше тәулік бойы жатып қалатын кездері жиі болады. Енді жер асты өткелінің  арқасында бұл қиындық артта қалғалы отыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу