Әр гектардан 11,2 центнер бидай жиналған. Облыс бойынша барлығы 4 миллион 633 мың тонна астық орылды. Сала мамандарының айтуынша, бидайды кептіріп сақтауға барлық жағдай жасалған.
Облыстағы астық қабылдайтын кәсіпорындардың сыйымдылығы сұранысты жабады. Сондықтан, да төккен тер далаға кетпесі анық. Ал, майлы дақылдарды сепкен серіктестіктер өнімдерін жинауды әлі де жалғастыруда.
Ермек ЕЛБЕРГЕН