Анасы бауыр еті баласын ел ішінде қаратпаған дәрігері жоқ. «Ендігі үміт - шетелге апарып ем-дом алдырсам»,-дейді Алтынай Алдабергенова. Алайда қалта жұқа, қаржы жоқ. Сәбидің толығымен жазылып кетуіне Бейжіңжегі дәрігерлер кепілдік беріп отыр.
Бірақ, Алтынайдың қолы қысқа. Жұмыссыз, жалғызбасты ананың жанайқайына Алматыдағы қоғамдық қорлардың бірі құлақ асыпты. Баланың еміне қайырымды жандардан 3 мың доллар жинап берген. Енді, Алтынай ұлын 15 қарашада Қытайға жеткізуі тиіс. Алайда, қаражат жеткіліксіз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ