Жалпы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылары еліміз үшін биылғы қажылық сапары сәтті өтті деп санайды. Қазірдің өзінде бесінші парызын өтеген үш мыңнан астам адам Қазақстанға аман-есен жеткен. Соңғы рейс 12 қазанға жоспарлануда. Ал, қажылардың әуежайда бір күн бойы ұшақтарын күтіп қалуына зұлқиджа айының кеш тууы себеп болған. Сондықтан, құрбан айт мерекесі жоспарланғандай қыркүйектің 23 -де емес, 24 күні тойланған.
Мирас МҰҚАШ