Форумның басты мақсаты – Германияның Саксония аймағы мен астықты өңір арасында тиімді ынтымақтастық орнату. Сонымен қатар, жергілікті тауар өндірушілерді ауылшаруашылық саласындағы инновациялық технология жетістіктерімен таныстыру.
Шетелдік делегация өкілдері бүгінгі таңда неміс өнімдерін Германия жерінде ғана шығару аса тиімді болмай тұрғандығын, сондықтан жаңа нарыққа шығуға ынталы екендіктерін айтады. Ал, Саксония экономикасын қолдау департаментінің өкілі Манфред Либл келешекте Қостанайда неміс машиналарын жасап шығаруға ниетті екендігін білдірді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК