Тараптар қос елдің Заң шығарушы органдары арасындағы өзара тиімді байланысты нығайту мәселесін қозғады. Халықаралық жиынның нәтижелі аяқталатынына сенім білдірді.
Леонид Слуцкий бастаған делегация экономика, гуманитарлық салалардағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру мәселелеріне назар аударатынын жеткізді. Тараптар қорғаныс, қауіпсіздік тақырыбын қозғап, жемқорлыққа қарсы күресті нығайтудағы екіжақты әріптестік туралы құжат дайындауға уағдаласты.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ