Баженов ауылы жанындағы «Береке» шаруа қожалығында 2400 ірі қараның 53- нің ауруды жұқтырғаны белгілі болды. Қауіпті дерт тұрғындардан шықпаған.
Бруцеллез одан әрі белең алмауы үшін, Ауыл шаруашылығы министрілгінің өкілдері төрт түлікті тексеріп, індет тараған шаруашылыққа кіріп-шығуға шектеу қойды. Ал ауру малдар сойылып жергілікті ет комбинаттарына тапсырылуда.
Ержан ЖАҚЫП