Ақтөбе облысындағы үш елді мекен таратылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы үш елді мекен таратылады

01.10.2015
Ақтөбе облысындағы үш елді мекен таратылады

Ауылдардың үшеуінде де тұрғындар саны 50 адамнан аспайды. Бұл ауылдарды таратуға ауыз судың болмауы да себеп. Шалғайдағы жұрт тіршілік нәрін көрші ауылдардан тасып ішуге мәжбүр. Сондықтан болашағы жоқ ауылдар аудан орталықтарына көшірілмек. Облыста 380 елді мекен болса, оның 157-і ғана ауыз сумен қамтылған. Ал, 210 елді мекендегі тұрғындар суды құдықтан алып ішеді. 5 ауылға су  тасымалданады. 

 

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу