Депутаттар арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіруге қатысты заң жобасын талқылады. Бүгінде мемлекет аймақтардағы инфрақұрылымды дамытуға 260 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. Ендігі мәселе - шетелдік инвесторларды көптеп тарту, оларға барынша қолайлы жағдай жасау.
Сондай-ақ, Сенатта еліміз Еуропада ұшуға тыйым салынған «қара тізімнен» қазақстандық әуе компанияларды алып тастауды жоспарлауда. Әуе қатынасын дамыту мақсатында 2019 жылдың аяғына дейін Астанадан әлемнің ең ірі қаржы орталықтары – Гонгонг, Токио, Сингапур, Шанхай, Нью-Йоркке тікелей рейстер ашылмақ.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ