Несие алып бизнес ашып, уақыт өте құты қашып жүрген жандарға жәрдем. Енді мемлекет борышкерлерге болысуы бек мүмкін. Нақтырақ айтсақ, шаруасы шатқаяқтап, бизнесінен береке кетіп, несие төлей алмайтындар банкпен келісім жасауға және тағы несие алуға қол жеткізуі мүмкін.
Парламент қабырғасында «Оңалту және банкрот мәселелері» туралы Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған. Құжатқа сай, ортақ мүдде - бизнесті сақтап қалу.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ