Депутат жүргізуші куәлігінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат жүргізуші куәлігінен айырылды

25.09.2015
Депутат жүргізуші куәлігінен айырылды

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Петр Вырвинский жүргізуші куәлігінен айрылды. Жол сақшылары оны рөлде мас күйінде ұстаған. Дерекке қарағанда, ол шаһардың орталық көшесінде жүйткіп келе жатып, полиция назарына іліккен.

Медициналық сараптама барысында оның ішімдікке сылқия тойып алғандығы анықталды. Халық қалаулысы Павлодар қалалық мәслихатының «заңдылықтарды сақтау және азаматтар құқығы жөніндегі» тұрақты комиссияны басқарады. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Аймаққа танымал кәсіпкер.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу