Аэроғарыш комитеті «Қазсат-1» және «Қазсат-2» спутниктерінің Өзбекстан аумағын қашықтан түсіру мен оны пайдалану мүмкіндіктерін таныстырған.
Енді екі жақты ынтымақтастық туралы келісімді және жерді қашықтықтан зондтау бағытындағы уағдаластықты осы жылдың қазан айында Астанада өтетін үшінші халықаралық семинар кезінде бекіту жоспарлануда.