Доллар бағамы өзгерген соң халықтың төлем қабілеті төмендеп, тұрғынүй нарығында аздап тоқырау болуы тиіс еді. Алайда, Қазақстанның кейбір өңірлерінде жылжымайтын мүлік саудасы тоқтаған жоқ.
Мәселен, Орал қаласында пәтер сатып салушылар саны артқан. Жұртшылық қолда бар ақшасын жылжымайтын мүлікке салып қоюды жөн көрген. Ал, Қостанайда бір ай бұрын 35-40 мың долларға бағаланған пәтерлер қазір 22-27 мың долларға түскен. Әсіресе, жаңа баспаналардың құны едәуір төмен.
Индира УМАРОВА