Елімізде туристерді сақтандыру қоры құрылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде туристерді сақтандыру қоры құрылмақ

18.09.2015
Елімізде туристерді сақтандыру қоры құрылмақ

Әр турист қорға 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша аударуы тиіс. Бұл – бірінші тетік. Инвестициялар және даму министрлігі туристерді қорғаудың екінші әдісін де ұсынбақ.

Ол бойынша чартерлік әуе рейстерді пайдаланатын туристік оператор банктен арнайы депозит ашуы қажет. Оған әр саяхаттаушы үшін кемінде 3-4 рейс ұша алатындай қаражат салуы міндет. Келеңсіз жағдай орын алғанда, туристің сол депозиттегі ақшаны жаратуға мүмкіндігі болады. Ал саяхат ойдағыдай өтсе, туристік оператор қаражатын қайтарып алады.  

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу