Полицияға қарсылық көрсететіндерді қатаң жазалау қажет - Бектас Бекназаров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицияға қарсылық көрсететіндерді қатаң жазалау қажет - Бектас Бекназаров

17.09.2015
Полицияға қарсылық көрсететіндерді қатаң жазалау қажет - Бектас Бекназаров

«Полицияға қарсылық танытып, жағасын алатын азаматтарды қатаң жазалау қажет», дейді Үкімет басшысына сауал жолдаған сенатор Бектас Бекназаров.

Депутаттың айтуынша, Заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін қызметкерлерге әйелдерге дейін қарсылық танытатын болған.

Соңғы бес жылда полицияға бағынбай, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар қатары 10 есеге өскен. Ал, құқық қорғаушыларға күш қолданамын деп сотталған тұрғындар саны  4 есеге артып отыр.

 

 Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу