Ақтөбеде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыға қол жұмсаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыға қол жұмсаған

15.09.2015
Ақтөбеде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыға қол жұмсаған

Оқиға №12 мектепте болған. Оқушының туыстарының айтуынша, сол күні №55-інші мектептен оқулық алып келу үшін мұғалімдер өздерімен бірге шәкірттерді ерткен.

Жолай оқушы дене шынықтыру пәнінің мұғалімін «ағай» деп емес, есімімен атаған. Осыған шамданған мұғалім балаға қол жұмсаған.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу