Түбі бір Түркі бауырлас елдерді жалғайтын алтын көпір ортақ телеарна ашылады. Ақордада өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің 5-ші саммитінде Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
Бүгіннен бастап кеңеске Қазақстан төрағалық етеді. Сондай-ақ, президенттер ақпараттық кеңістік саласындағы қауіпсіздік мәселесін талқыға салды.
Түркітілдес туысқан ел басшыларының алғашқы саммиті 2011-ші жылы Алматыда өтті. Осымен 5-ші мәрте ұйымдастырылған биылғы саммит дағдарыспен тұспа-тұс келді. Осындай өтпелі кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдерді бірлікке шақырды.
Президенттер келер жылғы саммит «Түркі тілдес елдердің ұлттық ойындары» тақырыбы аясында өтетінін бекітті.
Ғабит БӨКЕНБАЙ