Ресейлік кеденшілер ұстап отырған жүк көліктерінің саны 100-ден асып кеткен. Оның 27-сі қазақстандық. Мұндай ақпаратты Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері таратты. Көрші елдің кедендік қызметі әрбір тасымалдаушыны бүкіл тауарын түсіртіп,тексеруде. Олардың не себепті бұл қадамға барғанын үкімет мүшелері түсіне алмауда.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ