Инвестициялар және даму министрі индустриялдық-иновациялық даму бағдарламасы бойынша ашылған «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты.
Министр парк басшысына жаңа міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігі мен министрлік арасында «2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылды. Тараптар энергия үнемдеу, ішкі және сыртқы туризм, индустриялды-инфрақұрылым, азаматтық авиация саласында жұмыс жүргізудің басымдыққа ие бағыттарын дамытуды қолға алмақ.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ