Ақтөбелік Қарақовтар отбасы бақыттың кілті – еңбекте деп біледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік Қарақовтар отбасы бақыттың кілті – еңбекте деп біледі

10.09.2015
Ақтөбелік Қарақовтар отбасы бақыттың кілті – еңбекте деп біледі

Ұл-қыздарына тәлімді тәрбие беріп, туған өлкені, жер-ананы қадірлеуге үйрете білген Қарақовтар отбасы Ақтөбе жұртшылығына жақсы таныс. Бұл жанұяға ортақ қасиет – олардың туған жерді аялап, өмірлік ризықтарын да сол жерден таба білулерінде.

Ынтымағы жарасқан отбасы «бақыттың кілті – еңбекте» деп біледі. Бүгінде 20-ға жуық немере-шөбере сүйіп отырған ата-ана  балаларына туған жерді қадірлей білу қажеттігін жиі ескертіп отырады. Осылайша Қарақовтар отбасы тынымды тірліктерімен, табиғатқа деген жанашырлықтарымен  ауыл- аймаққа үлгі болып келеді.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу