Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозиті толықтырылады. Бұл туралы банк өкілдері хабарлады. Қазіргі таңда бағам айырмашылығы бойынша азаматтарға төлемақы беру тетігі жасалуда.
Ал қазір депозит ашқан азаматтар өтініш жазып, қаржы мекемесімен қосымша келісім жасасуы тиіс. Тұрғындар өтінішті онлайн-режимінде жолдай алады. Тек оның электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ