«Қазақстанның сыртқы саясаты және көпқырлы ұйымдардағы рөлі». Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бүгін осындай тақырыппен Қазақ гуманитарлық заң университетінде лекция оқыды.
Сондай-ақ, ол жоғары оқу орнындағы академиялық клуб сессиясының жұмысын ашты. Оған дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар қатысты.
Дипломатиялық клуб былтыр 5-ші мамырда ашылған болатын. Ашық алаңда маңызды мәселелер талқыланып, түрлі дөңгелек үстел, конференциялар ұйымдастырылып келеді.
Индира БЕГАЙДАР