Салымшылардың депозиті толықтырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салымшылардың депозиті толықтырылады

08.09.2015
Салымшылардың депозиті толықтырылады

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары бағам айырмасын төлеу бойынша өтінішті онлайн-режимде бере алады. Қазір азаматтардың салымдарының орнын толтыру механизмі құрылып жатыр. Ол жақын арада  жарияланады.

Депозит ашқан азаматтар өтініш жазып, қаржы мекемесімен қосымша келісім жасасуы тиіс. Тұрғындар өтінішті онлайн-режимде жолдай алады. Тек электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу