Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша жиырма мыңдай адам жұмыспен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша жиырма мыңдай адам жұмыспен қамтылады

07.09.2015
Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша жиырма мыңдай адам жұмыспен қамтылады

Бағдарламаның бірінші  бөлімі тұрғын үй және қала құрылыстарына қажетті жұмыс күшін жергілікті тұрғындардан тартуға арналған. Жамбыл облысында 55 нысанның құрылысы осындай бағдарлама бойынша жұмысқа алынған  азаматтардың қолымен бой көтерген.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты жұмыссыздар мен табысы аз тұрғындарға кәсіп ашуға қаржылық көмек жасауға негізделген. Облыс бойынша биыл 429 адам кәсіпкерлік курсында білімдерін жетілдіріп, 241 тұрғынға  722 миллион қаражат үлестіріліп берілді.

Қаржылық қолдауға ие болған азаматтар қарызының өтеуін 6 пайыздық жеңілдікпен төлейді. 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу