Ежелгі Түркістан шаһарының орнында жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған хан қорғаны мен хан мешітін қайта қалпына келтіру жұмыстары бітуге жақын.
Ұзындығы 24, ені 19 метр болатын қорғанның бір бөлігі 1680-1718 жылдары билік құрған Әбілмәмбет ханға тиесілі болса, екінші жағы Есімханның ордасы.
Түркістанға саяхаттап келушілерге енді тарихи орынды тамашалауымен бірге осы хандардың мінәжәт еткен ескі мешітінде құлшылық жасауына да мүмкіндік туғалы отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ