Ақтау қаласынан жаңадан бой көтерген 33-ші шағын ауданда үш бірдей балабақша ашылды.
Олардың әрқайсысы 280 орындық. Заманауи үлгіде салынған нысан өңірдегі мұнай компанияларының балаларға жасаған тартуы.
Мұнда балалардың тәрбиесі үшін толық жағдай жасалған. Балабақшада бейнелеу өнері, ән-саз, би үйірмелерінен бөлек бүлдіршіндердің ақыл-ойы мен сауатын ашатын сабақтар да жүргізіледі.
Жазира ӘБІЛ