Жылу электр орталығы қызметкерлерінің айтуынша, бұған дейін 2013 - 2015 жылдарға арналып, бекітілген ортамерзімдік тариф бағасы жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріп келеді.
Энергетиктер «биылғы қыста да қала тұрғындарын тоңдырмаймыз» - дейді.
Алайда, магистральді құбырлар арқылы тасымалданатын газ бағасының қымбаттауына байланысты, ұсынылатын қызмет тарифін көтеру жоспарланған.
Сондықтан құзырлы органдар тарапынан шұғыл реттеу шарасы қолға алынуда.
Жақсыбек КЕМАЛ