Бүгін әлемдегі алғашқы төмен байытылған уран сақтайтын банк құрылды. Ядролық өнімдерді сақтайтын банк Қазақстанда орналасатын болады. Ел Үкіметі мен халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік бүгін тиісті келісімді бекітті.
Құжатқа Қазақстан атынан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырсыов қол қойды. Банк ерікті жарналардың есебінен қаржыландырылады. Қазірдің өзінде АҚШ пен ЕуроОдақ, Араб әлеміндегі бірнеше ел қаржы аударған. Барлық қауіпсіздік шаралары МАГАТЭ стандарттары бойынша жүзеге асатын болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ