«Нұр Отан» партиясының қоғам салалары бойынша 12 жобасын жемісті жүзеге асыру үшін жергілікті мәслихат депатуттарының жұмысын жандандыру керек. Олардың күш-қуаты мен білімін, өмірлік тәжірибесін тиімді пайдалану қажет, - деді Қарағандыда жергілікті халық қалаулыларына дәріс оқыған Мәжіліс депутаты Майра Айсина.
Оның айтуынша, қазіргі күні ауыл-аймақтардағы көптеген депутаттар жоғары жақтан нұсқау күтіп, өз бетінше әрекет жасаудан жалтақтайды. Сондықтан, әр депутат бас партияның қолға алған жұмыстарының жер-жерде орындалуын мұқият қадағалап, керек кезде жедел көмек көрсете білуі тиіс, - дейді Мәжіліс депутаты.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ