Республика аймақтарында баға тұрақтылығын бақылау жұмыстары қарқынды жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика аймақтарында баға тұрақтылығын бақылау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

25.08.2015
Республика аймақтарында баға тұрақтылығын бақылау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Теңгенің еркін бағамға түскенімен, елімізде баға барынша тұрақты. Арнайы құрылған комиссия өкілдері осылай деуде.

Өскеменде құрамына қоғамдық ұйым өкілдері кірген штаб мүшелері ірі сауда орындарындағы бағаларға күнделікті мониторинг жүргізуде.

Кезекті рейд барысында дәріханалар тексеріліп, бағалар қатаң бақылауға алынды.

Теңгенің еркін ауытқу бағамына көшуі отандық бизнеске еш кедергі келтірмейді. Бұл туралы Қарағандыда өткен баспасөз-конференциясында жергілікті билік пен бизнес қауымдастық өкілдері мәлімдеді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны әрі қарай да қатаң қадағалауда болмақ. Мамандар алаңдауға негіз жоқ,- екендігін жеткізуде.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу