Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына енген жобаның негізінде тауарлы сүт фермасына Солтүстік Америкадан 500-ге жуық асыл тұқымды сиыр әкелінген.
Серіктестік ұжымы «асыл тұқымды малды Ақтөбе жеріне бейімдеп үлгердік» - дейді.
Қазір өз төлінен өскен сиыр саны 750-ден асқан. Фермада тәулігіне 6 жарым тонна сүт сауылып, Ақтөбе қаласындағы зауытқа жіберіледі.
Жақсыбек КЕМАЛ