Мұнда экипаж мүшелері, кеме командирі, «Роскосмос» ғарышкері Сергей Волков, бірінші борт-инженер, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен мен екінші борт-инженер, «Қазғарыш» өкілі, жерлесіміз Айдын Айымбетовке салтанатты түрде сый-құрмет көрсетілді.
Ғарышкерлердің көңіл-күйі көтеріңкі. Ал, Айдын Айымбетов өте сабырлы, өзі-өзіне сенімді екендігін байқатты. Қазақстандық ғарышкерге артылып отырған жүк салмақты.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ