Тайланд астанасында іскерлік және туристік орталықта болған жарылыс салдарынан 22 адам қаза тауып, 123-ші жараланған. Бұл туралы елдің билік өкілдері мәлімдеді.
Олардың арасында қытайлық, филиппиндік, малайзиялықтар бар. Әзірге, жарылысты ешқандай топ мойнына алған жоқ. Таи әскерилерінің сөзінше, шабуыл елдің оңтүстігіндегі радикалдардың әрекетіне ұқсамайды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ