Берел қорымында 100-ден астам тарихи ескерткіш бар. Соңғы 18 жылда археологтар олардың 30-ға жуығын зерттеген.
Алдағы уақытта «патшалар алаңы» деп аталатын жазықта тағы бірнеше қорым ашылмақ.
Қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнда аспан астындағы ашық мұражай жасау жоспарланған.
Берік КӨШЕРБАЕВ