Шымкент қаласының тұрғыны Сауранбай Қуандық қалаға қоғамдық көлік жетіспейтінін айтады.
«Кейбір маршруттар бағытынан мүлде алынып тасталған. Мәселен, 24 бағыттағы автобус қазір жоқ. Қалада көлік мәселемен айналысатын бір ғана мекеме бар, оның өзі жекеменшік. Қауқары жетпейді. Осы мәселе шешімін табылар ма екен?», - дейді.
Көрермен сауалына Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Мұматаев жауап берді.