Астанадағы ірі сауда орталықтарының бірі – «GREEN» жабылуы ықтимал. Себеп – санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы.
Қалалық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті сауда орталығына жыл басынан бері 4 рет айыппұл салған. Департамент мұндай келеңсіздіктерді жою мақсатында айыппұлмен қатар, қатаң шаралар қолдануды жоспарлауда.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ